Тазарту

Терроризм, бүлік немесе жаппай жасалған ауыр қылмыстарға қарсы жүргізілетін арнайы операцияның тұрмыста қолданылатын синонимі. 


Тазарту деп үйден үйге, пәтерден пәтерге кіріп, азаматтардың құжаты, баспанасы мен телефонын тексеріп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдіктілерді ұстау, қару-жарақтары мен заңсыз заттарын тәркілеу. 




Мұндай операцияларды көбіне үкімет әскері не басып алған топтар бүлікші, террорист, сепаратистер мен көтерілісшілерге қарсы жүргізеді. 


Тазартулар көбіне соғыс, атыс-шабыс боп жатқан жерлерде өткізіледі, мысалы, бірінші және екінші шешен соғысы, ауған және Ирак соғысы.


Тазартудың екі түрі бар: 


Мекенжай бойынша — күш құрылымдары операцияны белгілі бір кішкентай жерде (пәтер, үй) өткізеді, оның айналасындағы объектілерге тиіспейді. 


Жаппай тазарту операциясы әлдеқайда ауқымды болады: бүкіл аудан, квартал не елді мекен жабылып, тұрғындары операция бітпейінше ешқайда шыға алмай қалады. 


2022 жылы Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалада ауқымды тазарту жүргізілетінін хабарлады. Қолда бар ақпаратқа сенсек, тәртіпсіздікке қатысы болуы мүмкін 2 мыңнан аса қала тұрғыны ұсталды. Бас прокуратура 494 қылмыстық іс қозғады. 


Құқық қорғаушылар «тазартушы» күштер операция барысында адам құқығын жиі бұзады, күдіктілерді ұрып-соғады, азаптайды, сот үкімінсіз жазаға тартады (өлтіреді, түрмеге қамайды) дейді. Қазақстанда тазарту басталғалы бері бірнеше адам полиция бассыздығына ұшырағанын айтты.


15/01/2022 18:20 3040 0

15/01/2022
18:20 3040 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление